1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ертіс Медиа» ЖШС ұжымы «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясына қатысты. Соның аясында облыс орталығындағы №1 арнайы кешен балабақша – мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін қызықты мереке ұйымдастырып, тарту жасады.
Аниматорлар, облыстық полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері балаларға ұмы-
тылмас ерекше әсер сыйлады. Бүлдіршіндер көңілді клоунды қуана қарсы алды. Бірнеше облыстық бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіретін медиа холдинг ұжымы нашар еститін, көзі нашар көретін ерекше балалар үшін дамытатын түрлі ойыншықтар, танымдық ой-өрісті байытуға арналған кітаптар, спорт құралдарын сыйға тартты.
– Халықаралық балаларды қорғау күні жақындап келеді. Біздің өңірде түрлі іс-шаралар осы уақыттан бастап қолға алына бастады. Ақпараттық майданда қызмет көрсетіп жүрген «Ертіс Медиа» холдингі жыл сайын қалыс қалмайды. Биыл да дәстүр бойынша қайырымдылық шарасын жалғастырып отыр. Қазақта «Бар жақсылық – балаларға» деген сөз бар. Холдингтің тұтас ұжымы, әріптестеріміз мүмкіндігінше бірігіп, қайырымдылық шарасына өз үлесін қосты, — деді «Halyq Radiosy»-ның бас редакторы Асыл Әбішев.
Айта кетейік, №1 арнайы кешен балабақша – мектеп-интернатында 100-ден астам бала тәрбиеленуде.
– Холдингтің барлық шығармашылық ұжымына зор ризашы-лығымызды білдіреміз. Балалар шаттық сезімге бөленді. Тамаша тартуға да риза болып қалды. Оларға осындай қамқорлық танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйла-ғандарыңыз үшін рақмет! – деп алғысын білдірді орталық директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Самал Хасанова.
Шара барысында орталықтағы жазғы лагерьдің ашылуы болды. Балалар жаз бойы түрлі экскур-сияларға, мұражайға қонаққа барады.
С.УВАИСОВА.