Аймағымызда кейбір аудандарда әкімдер тұрғындарды жеке қабылдау шарасын аз ұйымдастыруда. Ал Ақтоғай, Тереңкөл және Шарбақты аудандарында тұрғындар тарапынан түскен шағымдардың саны артқан.
Аталмыш мәселе облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында сөз етілді. Ауқымды жиында азаматтардың өтініштерімен жұмыс және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев аталған бағытта атқарылған жұмыс-тарды баяндады. Оның айтуынша, 8 айдың ішінде аймақтағы мемле-кеттік мекемелерге тұрғындардан 61 мың өтініш түскен. Оның ішінде 30 мыңнан астам өтініш жергілікті атқарушы органдарға жіберілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға көп.
— Қазір тұрғындар заманауи технологияларды белсенді пайдаланады. Барлық өтініштер «Е-өтініш» бірыңғай республикалық ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Тұрғындар тарапынан қабылданған өтініштердің саны бойынша 20 облыс ішінде біздің облыс 13-ші орында тұр. Ал өтініш берушілердің белсенділігі бойынша 15-ші орынды алады. Бұл ретте шағымдардың 38 пайызы тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді қамтиды. 30 пайызы әлеуметтік, еңбек қатынастары және денсаулық сақтау саласына қатысты түскен. 13 пайызы білім беру саласына тиесілі болса, 11 пайызы жер, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін қамтиды. Мемлекеттік органдар өтініштердің 55 пайызын немесе 16 560 өтініш бойынша мәселені шешуге көмектесті. Тек 9 өтініш бойынша ғана сотқа шағым берілді, — деді Дидар Ибраев.
Дидар Елубекұлының айтуынша, Павлодар облысы орталық мемле-кеттік органдарға өтініш беруші-лердің саны аз өңірлер тізбесіне кіреді. Сұрақтар жазбаша және «WhatsApp», «Instagram» әлеуметтік желілері мен мессенджерлер арқылы да келіп түседі. Әлеуметтік парақ-шаға жолданған 17 782 сұрақтың 14 мыңы оң шешімін тапты, қалған сұрақтарға түсініктеме берілді. Көп жағдайда қала тұрғындары ыстық судың жоқтығы, абаттандыру, жарық беру, балалар ойын алаңын салу, қоғамдық көлік қызметіне қатысты сұрақтарды жолдайды.
— Президент Әкімшілігі тапсыр-маларының орындалуы ерекше бақылауда. 2024 жылдың 8 айында жоғары тұрған органдардан 512 өтініш келіп түсті. Облыс басшылығы мен жергілікті атқару орган-дарының қатысуымен жеке қабылдауларды өткізуге деген сұраныс жоғары. Биыл жеке қабылдауды өткізу бойынша өтініш саны 14 пайызға артты. Облыс әкімдігінде халықпен жұмыс істеудің бірыңғай стандартын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың желтоқсанынан бастап «Әкімдіктің ашық алаңдары» Бірыңғай азаматтарды қабылдау орталығына айналып, қайта құрылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары азаматтарды қабылдайды. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері де осындай жұмыс жүргізуде, — деді Д.Ибраев.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес, «Мемлекеттік органдардың ашықтық индексін» бағалау бойынша Павлодар облысы ең үздік нәтижемен бірінші орынға ие болған.
Аймақ басшысы Ақтоғай, Тереңкөл және Шарбақты аудандарында соңғы екі айда тұрғындар тарапынан шағым көбейгенін айтып, аудан әкімдерінен мәселенің мән-жайын сұрады. Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов өтініштер санының артуы тез шешуді қажет ететін өзекті мәселелермен байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, абаттандыру, шатырды жөндеу, сумен қамтамасыз ету және ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша сұрақтар көп түседі. Барлық мәселе қаражатқа байланысты бірден шешімін таппайтынын алға тартты. Ал Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов тұрғындардан түскен өтініштер бойынша арнайы мониторинг жүргізілетінін жеткізіп, жыл басынан бері жеке қабылдауға 77 адам келгенін айтты. Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұлов та аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелерге нақты талдаулар жасалып, уақытылы қарастырыла-тынын жеткізді. Бұл өтініштердің барлығын мемлекеттік органдар заң аясында қарастырып, толық ақпараттар жолдауда.
— Тұрғындардан түскен шағымдарды іріктеу керек. Әрине, оның ішінде жүйелі мәселелер бар. Мысалы, жол, абаттандыру, жарық-тандыру, ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін іріктеп, халықты көп алаңдатқан мәселені бірінші орынға қою керек. Тұрғындарды алаңдатқан мәселеге қаражат табамыз. Ал екінші кезектегі мәселелерді шешуге демеушілерді тарту қажет. Облыста, аудандарда жомарт жүректі азаматтар жеткілікті, – деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдау бойынша Железин және Павлодар аудандарында жеке қабылдау саны өте төмен екеніне назар аударып, бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.
Айдана ҚУАНЫШЕВА
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.