Шақыртуға видеожетонмен барады

Қаз 2, 2025

Облыстық жедел жәрдем станциясының брига-далары ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап видеожетондармен жабдықталды. Бұл жаңашы-лдық медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қолға алынған болатын.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенконың айтуынша, бейнетіркеу құрыл-ғылары – тек бақылау құралы емес, тәртіп сақтаудың тиімді амалы.

– Бір жарым ай ішінде видеожетондарды қолданудан тек оң нәтиже байқалды. Осы уақыт ішінде медицина мамандарына науқастар тарапынан қарсы әрекет көрсетілмеді. Шақыртуға аттанған бригада науқастың үйіне кірген сәтте видеожетонды қосады. Сол кезде қызмет көрсету барысы толығымен жазылады. Науқасқа арадағы әңгіме видеоға жазылатынын ескертеді. Үйден шыққан сәтте құрылғы сөндіріледі. Құрылғы қуаттағыш арқылы жұмыс істейді, — дейді И.Мищенко.

Атап өтерлігі, дәрігер мен науқас арасындағы қызмет көрсету әрекеті жазылған бейне және дыбыс материалдары әлеуметтік желілерге салынбайды. Бейнежазба арнайы серверде сақталып, белгілі бір уақыттан кейін жойылады. Ал шақырту кезінде жанжал туындаған фактілердің жазбасы сақта-лады. Науқастың үйінде электро-кардиограмма жасаған немесе дененің жабық жерлерін тексерген сәтте бейнежазба тоқтатылып, тек дыбыс жазылады.

Видеожетондар Қазақстанда өндірілген. Бір құрылғының құны – 240 мың теңге. Бүгінде облыс бойынша 70 бригада видеожетонмен жабдықталған.

Еске сала кетейік, медицина саласындағы жаңашылдық Қостанай қаласындағы оқыс
оқиғадан кейін қолға алынып отыр. Жұмыста жүріп, емделушіден оңбай таяқ жеген хирург жансақтау бөліміне түсіп, өмір мен өлім арасында арпалысқан болатын. Жедел жәрдем қызметінің видеожетондармен қамтылуы мамандардың қауіпсіздігін арттырып, шақыруларды тіркеуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.