Жақында әлеуметтік желілерде Шарбақты ауданында болған өртті сөндіруге барған өрт сөндірушілерге тиісті ақы төленбегені және дәмсіз құрғақ рацион болғандықтан, өз қаражатына тамақ сатып алуға тура келгені туралы жазылған болатын. Бірақ павлодарлық өрт сөндірушілерге қатысты бұл ақпарат жалған болып шықты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев аталған мәліметтердің шындыққа жанас-пайтынын айтты. ТЖД бастығының айтуынша, 26 маусымнан бастап Министрліктің өкімімен өрттер «Көшпелі әдіспен» сөндіріледі немесе ұсынылған бекеттер ұйымдас-тырылады. Тәуекел аймағына түскен Шалдай, Садықащы, Сүгір ауылдары Павлодардан шамамен 165 шақырым жерде орналасқан. Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» аумағындағы орман өрті 15 шілдеде басталған болатын. Жалын шамамен 850 гектарды шарпыды. Өрт кезінде Шарбақты өрт сөндіру бекеті ауданның басқа бөлігіне жауапты болғандықтан, олар оқиға орнына жіберілмеген. Сондықтан өрт сөндірушілер ауысымдық немесе вахталық әдіспен жұмыс істеуге шешім қабылдады. Осылайша, 16 адамнан тұратын өрт сөндіру бекеті Садықащыдағы қонақүйге орналастырылды. Спикердің сөзіне сүйенсек, олар тұрғын үй, санитарлық-гигиеналық құралдары және құрғақ рационмен қамтамасыз етілді.

— Дала жағдайында тамақ-тануды жергілікті әкімдіктер де ұйымдастырады. Сондықтан тамақтануға байланысты мәселе туындаған жоқ. Өрт кезінде өзім де оқиға орнына барып, өрт сөндірушілермен бірге тамақтанамын, – деді ол. Департамент басшысы өрт сөндірушілердің дала жағдайында тамақтанатын салмағы мен құрамы бірдей екі тамақ үлгісін көрсетті. Екі жиынтықта галеттер, ет қосылған ботқа, қоюландырылған сүт, паста, шай жапырақтары, қант, көкөніс икрасы бар.

— Өрт сөндірушілерге екі рет көтермеақы берілді. Әрқайсысына 30 мың теңге және 50 мың теңгеден. Сондықтан өрт сөндірушілерге сыйақы берілмеді деген — бос сөз. Қазір олардың іссапарларын қайта есептеу жүріп жатыр. Барлық күндер біріктіріліп, іссапарлар мен жалақы төленеді. Вахталық әдіспен жұмыс істеген-дерге 5 қазанға дейін жалақы-мен бірге іссапар ақысы беріледі, — деді генерал-майор Жасұлан Жұмашев. Айта кетейік, өрт сөндіру қызметіндегі бөлімше командирінің жалақысы – 328 мың теңге, аға жүргізушінің айлығы – 336 019 теңге. Сондай-ақ, қызметтің қатардағы бірінші жылы 119 893 теңге және еңбек сіңірген жылдарына, өртке шығу санына және класс үшін қосымша ақылар қарастырылады.

 

Т.ӘБІЛДА.