Облыс орталығындағы гидравликалық сынақтардың басталғанына екі аптадан астам уақыт өтті. Осы аралықта тұрғын үйлер мен нысандардың басым бөлігі ыстық сусыз отыр. Олар қашан орталық желіге қайта қосылады? Көпшілікті толғандырған бұл сауалға монополист компания өкілдері жауап берді.
Қаланың оңтүстік бөлігіндегі сынақтар 29 шілдеде — басталған болатын-ды. Сол күні-ақ шаһардың бұл бөлігіндегі баспаналар ыстық судан ажыратылды. Күні кеше гидравликалық тексерістер аяқталып, жұмыстардың келесі кезеңі – ақауларды жою ісі қолға алынды.
«Павлодарэнерго» АҚ хабарла-уынша, қаланың оңтүстік ауданында жылу желілерін сынау кезінде 80-нен астам ақау анықталды. Соның салдарынан 380-ге жуық тұрғын үйді ыстық суға қосу әзірше мүмкін болмай отыр.
— Мамандар барлығы 83 ақаудың барын көрді. Оның 14-і магистральдық жылу желілерінде болса, 69-ы кварталішілік желі-
лерде анықталды. Магистраль-дардағы кем-кетіктердің салда-
рынан 202 тұрғын үйде, кварталішілік желілердегі ақаулардың кесірінен 181 көпқабатты баспанада әзірше ыстық су жоқ. Тағы 367 үй тексеріліп, олардың желісі толтырылуда, — деп мәлімеді монополист компания өкілдері.
Оңтүстік бөліктегі барлық олқылықтың орны бір ай аралығында толтырылуы тиіс. Ал №2 және №3 жылу-электр орталықтарына қосылған солтүстік бөліктегі желідегі гидравликалық сынақтар 11 тамызға дейін жалғасады.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.