Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық қоры» мен Павлодар облысы мешіттері бірлесіп, тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. Атап айтсақ, алғашында Атырау облысына имамдар мен жамағат атынан қаржылай көмек жолданған болса, одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына материалдық көмек жіберілді.

Облыстық Мәшһүр Жүсіп меші-тінің бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан зардап шеккен ағайындар
үшін «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылды. Мешіт ауласына арнайы киіз үй құрылып, сол жерде халықтан жиналған азық-түлік және тұрмыстық заттарды қабылдау пункті ашылды. Осы бастаманы естіген аймақ тұрғындары да бей-жай қарамай, қолдан келген көмектерін көрсеткенін айтады облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

— «Қайырымдылық керуені» акциясын 15 сәуір күні бастап, барша жерлестерімізге жарияладық. Бастапқыда облыс тұрғын-дары атынан 1 фура гуманитарлық көмек жібереміз деп ниеттенген едік. Алайда 5 күннің ішінде халықтың қолдауымен 3 көлік көмек жиналды. Оның ішінде азық-түлік, тұрмыстық зат, құрылыс материалдары бар. Бұл сауапты науқанға облыстың
барлық халқы жұмылды. Ауыл, аудан, қала тұрғындары бір адамдай көмектесті деуге болады. Әрбір адам қолынан келген көмегін аямады. Біреулер қаржылай қолдау көрсетсе, біреулер жылы көрпе-жастық, киім-кешек, тұрмыстық және шаруашылық заттарын жеткізіп берді, — дейді Жолдас имам.

Имамдардың сөзінше, қайы-рымдылық акциясы ретінде жарияланған бес күннің ішінде 60 тоннадай жүк жиналған. Имамдар жергілікті халықтың сеніп тапсырған аманат сәлемдемесін Солтүстік Қазақстан облысына жеткізіп, мұқтаж адамдарға үлестіріп берді.

 Т.САХАБА.