Жуырда облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында алдағы дезинсекция-
лық науқанға дайындық жұмыстары пысықталды. Биыл көктемде Ертіс өзенінің жайылмасында әуе, өзен және тосқауыл өңдеу жұмыстары күшейтілмек. Әуеден өңделетін алқаптың жалпы ауданы 127 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ, биыл алғаш рет Ертіс және Павлодар аудандарының да жайылмалары өңделеді.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, биыл облыстық деңгейде өткізілген конкурс нәтижесінде «ВикЛТД» ЖШС мердігер болып анықталды. Ғылыми сүйемелдеу бойынша «Биосфера» ЖШС ғылыми — өндірістік кәсіпорнымен шарт жасалды.
– Шыбын-шіркеймен күрестегі негізгі факторлардың бірі – Ертіске жіберілетін судың мерзімі. «Қазгидрометтің» мәліметінше, жоғарғы жақта көктемнің басталуының орташа мерзімі наурыздың екінші жартысына келеді, ал қар 20-сынан кейін ериді деп күтілуде. Ғылыми сүйемелдеу және дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу табиғатты қорғау су жіберу параметрлеріне байланысты болады. Биыл әуеден өңделетін алқаптың жалпы ауданы 127 мың гектарды құрайды. Бұл Павлодардың жағалау аймағын, Ақсу, Ақтоғай және Тереңкөл жайылмаларын қамтиды, сондай-ақ алғаш рет Ертіс және Павлодар аудандарының да жайылмалары өңделеді. Павлодар ауданына қарасты барлық 38 ауыл шыбын-шіркейге қарсы өңделетін болады, – деді Ә.Қабылтаева.
Сонымен қатар, басқарма басшысы биылдан бастап Ертіс өзенінің негізгі арнасының 1800 шақырымы үш рет өңделетінін атап өтті. Қосымша Белая, Подстепка, Теплая, Таллинка, Қаратүн, Орловка арналары да өңдеуден өтпек.
– Павлодарда көпірден Усолка шағын ауданына дейінгі жағалау бойындағы масалар мен шіркейлердің дернәсілдері жойылады. Сондай-ақ, дезинсекция жұмыстарымен жағалау бойында орналасқан төрт ауданның 59 ауылы қамтылады. Бұл жаңа тәсіл жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру мақсатында енгізілді. Әсер етуші заттарына шыбын-шіркейлердің төзімділігі қалыптаспаған көп компонентті жаңа препараттарды қолдану көзделуде. Препараттар денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген, сәйкестік сертификаты бар және адамдарға мүлдем зияны жоқ, – деді басқарма басшысы.
Жиын барысында Асайын Байханов алгоритмге сәйкес дезин-секциялық іс-шараларға жоспарлы дайындықты қамтамасыз етуді және барлық аудандарда шыбын-шіркейге қарсы дайыінде аяқтауды тапсырды. Аймақ басшысы қанатты зиянкестер халықтың наразылығын тудырған кезеңдерін еске түсіріп, алдағы уақытта қансорғыштарға қарсы күрес жұмыстарын күшейту керектігін айтты.
А.МҰҚЫШЕВ.