Еңбек қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында. Еңбек күніне орай ұйымдастырылған «Қауіпсіз еңбек: алдын алуда нөлдік жарақаттануға дейін» атты форумда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытындағы үздік тәжірибелер мен инновациялық шешімдерді зерделеу, еңбекті қорғау бағытындағы қоғамдық бақылау мәселелері талқыланды.

«Каустик» АҚ конференц-залында облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және еңбек басқармасының ұйымдастыруымен өткен өңірлік форумда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев, облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

— Форумға қатысушылардың ой-пікірлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау жұмысын жетілдіруге жаңа серпін береді, — деді Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова. Еңбекті қорғау мәселесі эконо-миканың әрбір саласында, білім беру, медицина, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жылу энергетикасы, тау-кен өндіру және металлургия салаларында өзекті тақырып.

— Әлеуметтік әріптестер нақты сектор кәсіпорындары кластерінде жүргізетін орасан зор жұмыстың оң нәтижелеріне сәйкес Павлодар облысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өңірлік форумды өткізу үшін таңдалды. Форум нәтижесінде өндіріс мәде-ниетін қалыптастыру, апатсыз жұмыс және қоғамдық бақылаудың жаңа нысандарын енгізу бойынша жаңа ұсыныстар нөлдік жарақатқа қол жеткізуге ықпал етеді, — деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі өте өткір мәселе болып қалып отыр. Үкімет жыл соңына дейін 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауы керек. Ол жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталуы керек» деп атап өтті. Форум қатысушыларының айтуынша, қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету еңбек заңнамасының негізгі қағидаттары, ал қауіпсіз жұмыс жағдайлары лайықты еңбектің басты индикаторы болып табылады.

— Бізде өндірістік жарақат-танудың жоғары көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар жасырын жарақат алу фактілері, сарапталмаған еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдер бар. Бұл жүйені тұжырымдамалық түрде өзгерту қажет болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында қауіпсіз еңбек жөнін-
дегі бірыңғай тұжырымдаманы әзірлеу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте онда тәуекелдерді бағалау міндет», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Смышляева. Облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапановтың айтуынша, биыл облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 62 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 64 адам зардап шеккен. Оның ішінде 38 адам ауыр жарақаттанса, 2 адам қайтыс болды. Бұл деректер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірістік жарақаттанудың 5 пайызға төмендегенін көрсетеді. Жазатайым оқиғаларға зардап шеккендердің өрескел абайсыздығы, жұмыс процестерін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзуы себеп болған.

— Өңірдегі қызметкерлер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар шеңберінде: облыстың 34 кәсіпорны «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын енгізді. 21 кәсіпорын өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды азайтуға және жұмыс орын-дарындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын іске асырды. Бұл жоба сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қоғамдық бақылауды қамтиды, — деді ол. Өңірде жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту үшін еңбек жағдайлары зиянды 67 өндірістік нысанды аттестаттау өткізілген. Облыстың 194 кәсіпорны OHSAS 18001 және ХЕҰ-АҚҚ сияқты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі стандарттарды қоса алғанда, кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйелерін енгізді. Облыста 881 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олар өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастырумен айналысады. Форум ұйымдастырушылары қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін бұзушылықтарды уақытылы анықтау, әлеуметтік әріптестердің жарақаттанудың нөлдік деңгейіне жету жолдарын анықтауды мақсат тұтты. «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы –
Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, Павлодар облысының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының кәсіподақ ұйымдары өкілдері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері бағытында атқарылған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау саласындағы үздік тәжірибелер мен инновациялық шешімдерді талқылай отырып, форумға қатысушылар қауіпсіз еңбек жылында қауіпсіз еңбектің алдын алу тетігі шараларын жетілдіруге, өндірістік кеңестердің рөлін жандандыруға, осы саладағы жалпы күш-жігерді әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріне шоғырландыру қажеттігіне баса назар аударды.

Т.ӘБІЛДА.