Қазіргі таңда облысымызда мүгедектігі бар 28 мың адам тұрады. Оның тең жартысы — облыс орталығының тұрғындары. Мүгедектігі бар адамдар үшін
қолжетімді орта болуы қажет. Мұны мемлекеттік мекемелер ғана емес, бизнес өкілдері де қаперде ұстағаны жөн.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті облыстық депар-таментінің басшысы Евгений Губарев мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәсе-лесіне назар аударды. Бұл ретте бұрын мемлекеттік мекемелер алдымен сынға алынса, қазір мемлекеттік емес мекемелер де нысанаға алынған.

— Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша осы жылдың төрт айында Екібастұз медициналық колледжі мен Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мекемелерге 293,2 мың теңге айыппұл салынып, толығымен өндірілді, — деді спикер. Бизнес нысандарын жоспардан тыс тексеруге шек қоятын мораторийдің күшін жоюы департамент қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдардың еркін қолжетімді болу шарттарына сай келмейтін меке-мелерге деген шағымдарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік беріп отыр. Кедергісіз орта құру мәсе-лесі пандустар салумен ғана өлшенбейді. Бүгінде мекемелер мен бизнес құрылымдарының нашар көретін және нашар еститін азаматтар үшін лайықты жабдықтау – түйінді мәсе-лелер қатарында.

— Кейбір мекемелерде нашар көретін адамдарға қай жерге жеткенін білуге қажетті Брайль белгілерімен жазылған көрсеткіштер жоқтың қасы. Нысандардың ішінде бағыттаушы жолдар болмағандықтан өздігінен жол таба алмайтын адамдарды ертіп жүретін көмекшілер қажет. Нашар көретіндерге қарағанда есту қабілеті нашар адамдардың мәселесі күрделі. Алдағы уақытта шешімін күткен мәселердің бірі – осы, — деп атап көрсетті Евгений Владимирович. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі адам өз құқықтары бұзылған жағдайда мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық ұйымдардан көмек сұрай алады. Сондықтан мұндай жағдайға жеткізбеу үшін инфрақұрылымдарды осы бастан тиісті тәртіпке келтіру қажет.

Т.ӘБІЛДА.