Павлодар қаласының Кенжекөл ауылында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша даярлығын арттыруға бағытталған «Қыс – 2025» облыстық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Қыс мезгіліне дайындық шеңберінде өңірде 188 жылыту пункті әзірленді, оның ішінде 11 пункт жол-пайдалану басқармаларының базаларында орналастырылған. Аталған пункттер 20 мыңнан
астам адамды қабылдауға қауқарлы және 4300 жатын орынмен қамтамасыз етілген. Оқу-жаттығуға облыс бойынша шамамен 2788 қызметкер және қар тазалау, инженерлік, эвакуациялық мақсаттағы мыңнан астам арнайы техника, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің 90 жоғары өтімді көлігі жұмыл-дырылды.
Кенжекөл ауылында жылыту пункті соңғы үш жыл бойы оқу-жаттығулар барысында белсенді қолданылып келеді. Ауылдық округ әкімі Медет Сансызбаев осы жөнінде былай деді.
– Жылыту пункті бұрын мектепте орналасқан еді. Екі жыл бұрын мәдениет үйіне көшірдік. Мұнда 200 адамға арналған орын ұйымдастырылған. Жол бойында түрлі оқиғалар болуы мүмкін, сол себепті жыл сайын күштік құрылымдармен бірлесіп жаттығулар өткізіп келеміз. 2021 жылы ауыл кіреберісінде жол апаты болып, 30 адам аязда далада қалып қойған еді. Сол кезде жылыту пункті арқылы адамдарға көмек көрсеттік. Мұндай дайындық – біздің қауіпсіздігіміз үшін маңызды, — деді Медет Сансызбаев.
Облыстық оқу-жаттығу жиынында ықтимал қысқы қауіптерге негізделген төрт негізгі сценарий пысықталды. Жаттығудың жоспары бойынша Павлодар–Майқапшағай автожолында автобус жолдан шығып кетіп, жолаушылар өздігінен көмек іздеп адасып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жол сақшылары, Ұлттық ұлан, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ вездеход, снегоход, болотоход, квадроцикл, вахталық көліктер тартылды. Іздестіру жұмыстарына дрондарды қолдану мүмкін болмады. Оқу-жаттығу шарасы әуежайға жақын аймақта өткендіктен және ауа райы нашар болуына байланысты дронның бағдарламасы ұшуға рұқсат бермей автоматты түрде бұғатталды. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын тек жер үстімен жүргізді. Табылған азаматтар дәрігерлерге жеткізілді.
Жаттығу барысында микроавтобусты өртеп, оны өрт сөндірушілер сөндірді. Үшінші сценарий бойынша боран кезінде жолдарды жабу тәртібі көрсетілді. Кенжекөл ауылы маңында қарлы боран жағдайы кезінде автожол уақытша жабылды. Жолды жабу және ашу туралы шешімдер келесі құрылымдардың синхронды келісімімен қабылданатыны көрсетілді: жол полициясы, Төтенше жағдайлар департаменті, «ҚазАвтоЖол», жол пайдалану қызметтері. Қар тазалайтын техника қозғалыс бағытын тазалап өткеннен кейін ғана көліктер қайта жіберілді. Құтқарушылар тоңып қалған жүргізушілер мен жолаушыларды эвакуациялады.
Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекжан Галлямов оқу-жаттығулардың негізгі маңызын атап өтті.
– Сценарий бойынша автобус қатысқан жол апаты орын алды. Жолаушылар адасып кеткендіктен, іздестіру жұмыстары жүргізіліп, табылғандар жылыту пунктіне жеткізілді. Сонымен қатар электр желісіндегі апаттық жағдайдың салдары жойылды. Бұл – төтенше жағдайлар қызметтері үшін аса қажетті тәжірбие, — деді ол.
Төртінші кезеңде құтқарылғандар зардап шеккендерге арналған жылыту пунктіне орналастырылды. Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің дерігінше, жылыту пункттері асханамен, жатын орындарымен жабдықталған және ауа райы тұрақтанғанға дейін немесе төтенше жағдай жойылғанға дейін адамдарды қабылдауға дайын екенің атап өтті.
Мұндай оқу-жаттығулар – қысқы кезеңге дайындықтың маңызды бөлігі. Олар барлық жүйелердің дайындығын тексеруге, қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге және төтенше жағдай кезінде шұғыл, үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Кенжекөл ауылында жылыту пункті алдында мектепте болған болатын. Қазір осы мәдениет үйіне көшіргенімізге екі жыл болды. Мұнда 200 адамға арналған ұйым ұйымдастырылған. Жылда күшті құрылымдармен бірігіп осында оқу – жаттығуларын өткізіп отырамыз. Өйткені жол болғаннан кейін әртүрлі оқиғалар болады. Солардың алдын – алу үшін осындай іс – шараларды өткізіп жатырмыз. Осы оқу – жаттығулар бұл ауылда үш жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Ол біздің жаңағы мамандарға да төтенше жағдай болып қалған кезде қалай жұмыс жасау керек екенің бізге көрсетеді. Сондықтан бізге осындай оқу – жаттығулардың болғаны бізге жақсы. 2021 жылы Кенжекөлдің кіреберісінде жол апаты болған болатын. 30 адам аяздың кесірінен далада қалып қойды. Сол адамдарды осында әкеліп тамақтандырып, жатқызып таңертен шығарып салған болатынбыз. Ақырқы жылдары ондай оқиға болған жоқ. Медет Сансызбаев Кенжекөл ауылдық округінің әкімі.
Сценарий бойынша Павлодар Майқапшағай автожолында авто-бустың қатысуымен жол көлік апаты орын алды. Адамдар шығып адасып кетті. Оларды іздестіру жұмыстарын жасап, тауып, жылыту пунктіне орналастырдық. Одан басқа Кенжекөл ауылдық округінде электр жүйесіндегі жол апаты болып, оны жөңдеу жұмыстарын жасау өткіздік, — деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Тілекжан Галлямов.
Нұрайым ҚАЛЫБЕК.
