Әлеуметтік желіде №21 автобусқа отырған Долгое, Байдала және Кенжекөл ауылдарының тұрғындарынан шағым түскен болатын. Қоғамдық көліктің ішіне сыймаған жолаушылар бұрынғы автобусты қайтаруды сұрады.
Аталған елді мекен жұрт-шылығы қоғамдық көліктерді оңтайландыру жұмыстарынан кейін Павлодар қаласына №21 автобуспен қатынап жүр. Бұған дейін тасымалдаған №24 автобус қатынамайтын болды.
Жолаушылардың мәселесі бойынша Павлодар қаласы әкім-дігінің өкілдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен автобус паркінің мамандары Кенжекөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізген болатын. Жолаушылардың тілегі ескеріліп, №21 автобустың бағытына өзгертулер енгізіліп, шешім шығарылды.
Қазір ауыл тұрғындарына №21 автобус маршруты 3 қозғалыс сызбасы бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, №21К маршруты — Теміржол вокзалынан Кенжекөл ауылына дейін жүреді. 21 А маршруты — Теміржол вокза-лынан Байдала және Долгое ауылдарына дейін барады. Ал №21 автобус қолданыстағы сызба бойынша Прибрежный шағын ауданынан Кенжекөл ауылына дейін қатынайды.
Еске сала кетейік, аталған өзгерістер 21 қыркүйекте күшіне енген болатын.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.