Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық «Тіл жанашыры-2023» конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді. Қоғамның бұл жоғары марапаты жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.
Аталған конкурсқа қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған шараларда белсенділік танытқан облысымыздың тіл мамандары, зиялы қауым және әртүрлі саланың өкілдері қатысуға мүмкіндік алды. Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды жергілікті тіл ғалымдары мен қоғам белсенділері құрамынан тұратын қазылар алқасының құрамы талдап, аталым иелерін анықтады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мен насихат-тауға үлес қосқан Баянауыл ауданының Ш.Айманов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Ахатов «Тіл жанашыры», Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Гүлнар Елгонденова «Тіл майталманы» және Ақтоғай ауданындағы Қараоба орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерболат Нұқ «Тіл жаршысы» аталымдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Өз тілшіміз.