Мемлекеттік қызмет саласында еңбектенуді біреу абырой көрсе, кейбіреуі «демалыс жоқ, шапқылай-сың да жүресің» деп ат-тонын ала қашады. Бүгінде облыста 3790 мемлекеттік қызметші тіркелген. Оның басым бөлігі – әйелдер.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов департаменттің биылғы алғашқы жартыжылдық-тағы қызметіне тоқталды. Белгілі болғандай, бұл салада 2582 әйел еңбек етіп жүр. Ал басшылық лауазымда 509 әйел тіркелген. Облыс аумағында 397 мемлекеттік орган жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және тағылымдамадан өткізу – мемлекеттік қызметшілердің және жалпы мемлекеттік аппараттың кәсібиленуін арттырудың негізгі институттары. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметші кемінде 3 жылда бір рет міндетті түрде оқудан өтуі тиіс. Президент жанындағы Мемле-кеттік басқару академиясының Павлодар облысы филиалында мемлекеттік қызметшілер біліктілікті арттыру және және қайта даярлау бойынша кестеге сәйкес оқытылады. Мәселен, 2023 жылғы 1-тоқсанда біліктілікті арттыру бойынша 160 адам және қайта даярлау бойынша 36 адам білімін жетілдірген. Жасыратыны жоқ, кейде тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің атына түсетін шағымдар тіркеледі. Биыл алғашқы жартыжылдықта сала қызметкерлері 122 рет тәртіп бұзыпты. Заң бұзушылардан жарты миллион теңгеден астам қаражат өндірілген.

– Ай сайынғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түсірілімін қарау және қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 122 заңнама бұзушылық анықталып, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 10 лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді Руслан Иманқұлов. Жауапқа тартылғандардың ішінде 7 тұлға 465 бабының 1-бөлігі бойынша (рұқсат беру мерзімін бұзғаны үшін), 3 лауазымдық тұлға 465-бабының 3-бөлігі бойынша (жыл ішінде рұқсат беру мерзімін қайта бұзғаны үшін) жазаланған.

Оралхан ҚОЖАНОВ.