Нұрлан Рақымжанов бала кезінен IT саласына қызығушылық танытқан. Мектеп кезінде шағын веб-сайттар жасап, логикалық есептер шығарғанды жақсы көрген. Техникалық заттармен түрлі тәжірибе жасауды да ұнатыпты. Міне, осы дағдылар кейін кәсіби бағытқа айналған.
Ақпараттық жүйелер маман-дығында білім алған ол бағдар-ламалау, деректер базасы, желілік технологиялар және бизнес-процес-терді автоматтандыру пәндерін тереңдете оқыған. Сол кездің өзінде IT-дің қоғамды өзгерту әлеуеті оны қатты қызықтырса керек.
Бүгінде ол өңіріміздегі цифр-ландыру жұмыстарының басы-қасында жүрген «SmartErtis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне басшылық етеді. Бұған дейін аймағы-мыздың ақпараттық технологиялар, телекоммуникация саласында еңбек етті. Нақтысы, алғашқы еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясында бастаған. Мұнда 2004-2021 жылдары облыс бойынша бастапқы техникалық есепке алу, SmallWorld техникалық есепке алудың электрондық дерекқорын алғашқы жүйелерін енгізумен және пайдаланумен айналысқан. Кейінірек ТОБЖ бойынша SDH жүйесін енгізу және пайдалану жұмыстарына бір кісідей үлес қосты. Сондай-ақ, көппәтерлі және тұрғын үйлерде FTTH телекоммуникация желілерін тартуға атсалысты. Ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернет желісімен қамту ісін ілгерлетуде де Нұрлан Қайроллаұлының қолтаңбасы жатыр.
2023 жылы білікті маманға облыстық цифрлық технологиялар басқармасына қарасты «SmartErtis» ЖШС-ін басқару сеніп тапсырылды. Айта кетейік, бұл – құзырлы басқарманың жанынан құрылған әрі серіктес IT-компания. Яғни, аталмыш ұйым өңірдің цифрлық трансформациясын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады.
– «SmartЕrtis» ақпараттық технологиялар, цифрландыру, IT-консалтинг және «Smart City» шешімдері бағытында жұмыс істейді. Мемлекеттік және жеке секторға ақпараттық жүйелер әзірлеу, деректерді талдау және автоматтандыру жобалары, білім беру, денсаулық сақтау, көлік салаларын цифрландыру, электронды құжат айналымы, ақылды инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырады, – дейді Нұрлан Рақымжанов.
Мәселен, өңірімізде бүгінде «Smart City Pavlodar» жобасы жұмыс істейді. Мұнда облыс орталығының 156 әлеуметтік маңызды нысаны қамтылды. Оларға 5567 бейнекамера, одан бөлек, 54 мектепке қолжетімділікті басқару және бақылау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, IT-компания мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда ERP/CRM жүйелерін енгізумен, білім және денсаулық сақтау саласындағы цифрлық платформаларды дамыту секілді бастамалармен айналысып келеді.
Кейіпкеріміз қазіргі заманда цифрлық трансформацияның еліміз үшін елеулі серпіліс екенін жақсы біледі. Сондықтан, көштен қалмай әр салаға енгізуде ұтарымыз көп деген пікірде.
– Цифрлық трансформация халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, енбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Қазақстанның барлық өңірлерінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру белсенді жүргіп жатыр. Қазір цифрландыруды мен стратегиялық даму құралы ретінде көремін. Яғни цифрлық шешімдер арқылы аймақтық, әлеуметтік және экономикалық өсуді жеделдетудің ең тиімді жол деп санаймын. Қазіргі уақытта Президенттің Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес Қазақстан алдағы жылдары цифрлық технологияларды енгізу жағынан көшбасшылардың бірі болуы тиіс. Сондықтан, жасанды интеллект негізіндегі отандық өнімдерді дамы-
туға, ұлттық деректер платформасын құруға, жасанды интеллект, робото-техника және көлемді деректерді талдау саласында кадрлар даярлауға басымдық берілуде. Демек, бізге де жүктеліп отырған жауапкершілік жоғары, – дейді Нұрлан Қайроллаұлы.
Ол аймағымызда цифрландыру қарқынды екенін атап өтті. Айтуынша, Павлодар облысы цифрландыру бойынша Қазақстандағы алдыңғы өңірлердің бірі саналады. Мәселен, аймағымызда мемлекеттік қызмет-тердің 90 пайызынан астамы онлайн форматқа көшірілген, білім беру ұйымдарының 100 пайызы интернетке қосылған. Сонымен қатар, қала және аудан орталықтарында Smart City элементтері енгізілген ерекше атап өтті. IT-стартап экожүйесі (IT HUB Pavlodar арқылы) дамып келе жатыр, дейді. Өңірде Starlink жүйесіне 33 мектеп қосылған, олардың көпшілігі шалғайдағы ауылдық елді мекендерде орналасқан. Биыл жыл соңына дейін тағы 42 мектепті интернетке қосу жоспарланып отыр. Кейіпкеріміз бұл өңірдегі ауылдық білім беру мекемелерінің басым бөлігін интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.
Жалпы, ол IT-саланың өнімі өсті, дейді.
Ұжымында беделді азамат өңірдің ауылдарын интернет желісіне сапалы қолжетімділікті қамтамасыз етудің 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын да әзірлеген. Сындарлы ойлауға бала кезінен бейім маман телекоммуникация саласын және елді мекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз етуге үлес қосуды әлі де жалғастыра бермек. Сондай-ақ, алдағы уақытта мемлекеттік органдар пайдаланатын ақпараттық жүйелерге жасанды интеллектті енгізуге ерекше көңіл бөлмек.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.
