Малайсары ауылындағы орта мектептің әр жылдардағы түлектері білім ордаларына сыйлық жасауды дәстүрге айналдырған. Биыл да түлектер мектеп ұжымы мен оқушыларды қуантты.

Дәлірек айтқанда, Малайсары ауылындағы орта мектепке аталған білім ордасын 30 жыл бұрын бітірген түлектер заманауи физика, химия, биология кабинеттерін сыйға тартты. Енді оқушылар соңғы үлгіде жабдықталған модификациялық бөлмелерде білім алады.

Барлық талаптарға сәйкес жабдықталған оқу кабинеттері оқушыларға жаратылыстану пәндері бойынша білім алып қана қоймай, өздерінің цифрлық құзыреттіліктерін байытатын орынға айналады. Сонымен қатар, кіріктірілген компьютері бар интерактивті панель құралы жаратылыстану мәселелерін виртуалды форматта білуге мүмкіндік береді.

 

А.БОРАНБАЕВА.