Ауданда ауылдарды қысқы күл-қоқыстан арылту жұмыстары жалғасуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шаралары Лесной елді мекенінде де қолға алынған.
Мұндағы ауылды абаттандыру, тазалық жұмыстарымен аудан әкімі Айтуған Шайхимов арнайы барып танысты. Ауыл әкімінің айтуынша, тазалық жұмыстары күнде жүргізілуде. Алайда, аудан басшысы өткен жылғы қау шөп пен қурап тұрған қурай көп екенін ескертті. Сондықтан, аудан әкіміне абаттандыру, тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Ауданның өзге елді мекендері де айналасын күл-қоқыстан арылтуға мән беруде. Уәлиханов ауылының жастары да тазалық жұмыстарынан шет қалмады. Олар белсенділік танытып, ауылдың іші мен іргесін қоқыстан, қураған шөп пен қурайдан тазалауға кіріскен.
Г.МАҒЖАН.