Ана мен сәбиді бақылайды

Нау 5, 2026

Жуырда Ертіс аудандық ауруханасының босандыру бөлімшесі заманауи медициналық қондырғылармен толықты. Жаңа жабдықтар ана құрсағындағы нәрестенің дамуын жіті бақылауға, ана мен бала өмірін уақытылы қадағалауға мүмкіндік береді.

Аудандық аурухананың мәліметінше, бөлімшеге екі заманауи гинеколо-гиялық кресло мен электро-хирургиялық коагулятор сатып алынған. Бұдан бөлек, қиын жағдай туындаған сәтте нәрестенің өмірін сақтап қалуға арналған вакуумдық экстракция құрылғысы да орнатылды. Бұл жабдық босану кезінде қиындық туындаған жағдайда  сәбидің аман-есен өмірге келуіне жәрдемдеседі. Жүктілік кезінде құрсақтағы сәбидің жүрек қағысын бақылайтын фетальдік монитор кар-
диограф та дәрігерлердің жұмысын жеңілдете түспек. Бағалы құрылғылар ана мен бала денсаулығын қалыпты деңгейде ұстауға, шұғыл жағдайда жылдам әрекет етуге мүмкіндік
сыйлайды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.