Аудандағы білім беру ошақтарында «Қауіпсіздік апталығы» өткізілуде. Оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және өрт қауіпсіздігі ережелері үйретілді.
Мектептерде қауіпсіздік тақырыбында түрлі сабақ ұйымдастырылды. Дабыл белгісін қосу арқылы эвакуация жаттығулары, төтенше жағдай кезінде қырағы әрекет ету дағдылары пысықталды. Шараға құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары қатысып, балаларға өмірде кездесетін қауіп-қатерлер туралы баяндады. Әсіресе, оқушыларға жол ережесін сақтау, отты дұрыс пайдалану қағидаларын түсіндіріп, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілін үйретті. Қауіпсіздік апталығы оқушылармен қатар, ұстаздарға және ата-аналарға зор жауапкершілік жүктейді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.