Ауданда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ауыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Махаббат Абулова мен жергілікті депутаттар қатысты. Ауыл қариялары интеллектуалды ойындар клубының салтанатты ашылуына қатысты. Жас ұрпаққа тілектерін арнап, шахмат пен үстел теннисінен жарысқа қатысып, көңіл көтерді.
— Шараның мақсаты — еңбек ардагерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, спортты дәріптеу. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында еліміздің болашағы үшін тер төккен қарияларға құрмет көрсеткіміз келді. Ардагерлер бос уақытын жаңадан ашылған интеллектуалды ойындар клубында өткізе алады, — деді М.Абулова.
Көңілді шара соңында жақсы ойын көрсеткен ардагерлерге диплом мен медаль табыс етілді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.