Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Ақтоғай ауданында «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік маңызы бар жобасы іске асырылуда.
Акцияның басты мақсаты — ардагерлер, тыл еңбеккерлері және басқа да егде жастағы азаматтар үшін білікті медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жайлы және тыныш өмір сүру жағдайында олардың денсаулығының жай-күйіне көңіл бөлу және қамқорлық көрсету.
Осы мақсатта әртүрлі бейіндегі мамандар кіретін Ақтоғай аудандық ауруханасының медициналық бригадасы кешенді тексерулер жүргізеді және созылмалы аурулардың алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жеке ұсыныстар береді. Ал аудандық Ішкі саясат бөлімі, «Жас қанат» және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері үйлердің аумағын қоқыстан тазартуға көмек көрсетеді.
Бұл бастаманы іске асыру егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді және мемлекет пен қоғамның Ұлы Жеңіске баға жетпес үлес қосқан ұрпаққа ерекше назар аударатынын атап көрсетеді.
А.БОРАНБАЕВА.