Жақында Баянауыл ауданының орталығында әлеуметтік жәрмеңке өтті. Оған өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер белсенді қатысып, өз өнімдерін арзан бағамен ұсынды.

Аталмыш жәрмеңкеге келген халық қарасы көп болды. Аудан тұрғындары азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алды. Атап айтар болсақ, сиыр және қой етінің 1 келісі 2200 теңгеден, жылқы еті 2500 теңгеден сатылды. Сондай-ақ,
өзге де тағам өнімдері жергілікті дүкен-дермен салыстырғанда 15-20 пайызға арзандатылған бағамен берілді.

Баянауылдық кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жолы жәрмеңкеге 2 бас ірі қара мал, 3 жылқы еті және қымыз, қаймақ, талқан, қоспа, ірімшік, құрт, сары май әкелініп, барлығы сатылып кеткен. Мұндай игі шара алдағы уақытта да ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 

Н.АҚЫТЕГІ.