Ақсу қаласындағы Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында Байғабыл Жылқыбаев атындағы дәстүрлі ән кабинеті ашылды. Сол арқылы ұлт мұрасын ұлықтаған азаматқа құрмет көрсетілді.

Байғабыл Жылқыбаев 1896 жылы Павлодар облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол — қазақ музыкасының жарқын жұлдызы, барабаншы, әнші, балуан, актер және композитор.  Байғабыл Жылқыбаевтың орындауындағы әндер «Қазақ радиосының» алтын қорына енді.

Осындай мәдениет майталманының еңбегін жас ұрпақ арасында дәріптеу әрі төл өнерді әспеттеу мақсатында мәдениет сарайында кабинеттің ашылуы – заңдылық. Бұл шараға қала әкімі Болатбек Шәріпов, жергілікті ақсақалдар, өнерсүйер қауым қатысты. Шаһар басшысы қазақы дәстүр бойынша дәстүрлі ән кабинетінің басшысына Байғабыл Жылқыбаевтың аспап үлгісі бойынша дайындалған домбыраны сыйға тартты.

Өз тілшіміз.