«Атжалман ғасыр» – Баянауылда

Қаз 9, 2025

Әйгілі жерлесіміз, режиссер, драматург, актер, қоғам қайраткері Жұмат Шаниннің өміріне арналған «Атжалман ғасыр» тарихи қасірет қойылымы баянауылдықтарға ұсынылды.

Аталған спектакльді Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымы сахналады.

– Бұл тағылымды туынды – халқымыз бастан кешкен ауыр зұлматты жылдардың шындығын көрерменге жеткізе отырып, рухани жаңғыру мен тарихи жадымызды жаңғыртуға бағытталған үлкен қадам болды. Баянауыл төрінде театр өнерінің өкілдерін қарсы алып, Жұмат Шаниннің мәңгі өшпес рухына тағзым ету – біз үшін үлкен мәртебе!

Шымкент қалалық театрының ұжымына шын жүректен алғыс білдіремін! – деді аудан әкімі Ардақ Кісентав.

Қойылымды көруге келген көрермен қарасы көп болды. Баянауылдықтар спектакльден Жұмат Шаниннің өмірі мен XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ интеллегенциясының басынан кешкен жағдайларды көріп, үлкен әсермен тарқасты.

Н.ШОДЫР.