Ақтоғай ауданының Қ.Нығманов атындағы орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, қазірде санитарлық бөлме, тактильді жолақтар және пандус орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған жұмыстарға 4,7 млн теңге қаражат бөлінді.
Одан бөлек, келесі жылы С.Мүткенов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жоспарланған. Жоба құны – 443,9 млн теңге.
Қазіргі уақытта Мүткенов ауылындағы ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таппақ. Атап айтқанда, келесі жылы Жалаулы ауылдық клубы мен Қожамжар ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеуі үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Сондай-ақ, Ақжол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау және Ақтоғай ауылында бассейн салу көзделген.
А.БОРАНБАЕВА.
Ақтоғай ауданы.
