Аудан мақтаныштары

Мау 5, 2025
Classroom books cartoon

Балаларды қорғау күніне орай және «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында ауданның дарынды оқушыларымен салтанатты кездесу өтті.

Кездесуде ауданның үміті мен мақтанышына айналған оқушылар, яғни, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Аудан әкімі Айтуған Шайхимов жас өрендерді мерекемен құттықтап, олардың білімге деген ынтасы мен табандылығы үшін алғыс білдіріп, әрқайсысына болашақта үлкен жетістіктер тіледі.

«Ауданның дарынды мақтаныштары – 2025» атты кездесу жарқын болашаққа деген сенім, шабыт пен талант мерекесі екені сөзсіз.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.