Республика күнін Қожамжар ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары қуанышты жаңалықпен қарсы алды. Ұлттық мереке аясында «Нұрлы жер» бағдар-ламасы бойынша аталған елді мекендегі сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді.
– Ауызсу – осы ауылдың өзекті мәсәлелерінің бірі. Бұған дейін елді мекен тұрғындары суды контейнерлік блок-модульден алған. Құдық кейбір үйлердің жанында ғана болған, – деді аудан әкімдігі.
Жоба бойынша жұмысқа жауапты «АрАй-НС» мердігері су құбыры желісін әр үйдің қақпасына дейін ғана тартып беруі тиіс болатын. Алайда мердігер компания тұрғындарға қолдау көрсетіп, суды барлық үйдің іргесіне дейін өз қаражатына кіргізіп берді.
Сумен бүгінде барлығы 41 аула, 213 адам қамтылды.
А.БОРАНБАЕВА.