Май ауданында биылдан бастап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында Ақшиман және Ақжар ауылдарындағы медициналық пункттің құрылысы басталды. Бүгінгі күні әлеуметтік нысандардың шатыры салынды.

Бұған дейін Ақшиман ауылында медициналық пункт мүлде болған емес. Ал Ақжар елді мекенінде медициналық амбулатория белгілі бір себептерге байланысты жабылып қалған. Енді осы жылы мәселе оң шешімін тауып, екі ауылда да емдеу мекемесінің құрылысы жүргізілуде. Ақшиман ауылында амбулатория салуға 138,1 млн теңге бөлінсе, Ақжар ауылындағы медициналық орталық ғимараты 134,8 млн теңгеге жөнделуде. Аталған жұмыстарға «IT invest company» мердігерлік ұйымы жауапты.

Айта кетейік, осы жылы ауданға қосымша 4 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда.

А.БОРАНБАЕВА.