Ауданның мобильді Мансап орталығының мамандары ауылдарды аралап, халықты жұмыспен қамтудың қолда бар тетіктерін түсіндіруде.
Жуырда орталық қызметкерлері Байқоныс және Песчан ауылдарында азаматтар мен жұмыс берушілермен кездесті. Мұнда мамандар Мансап орталығында қызмет алу үшін қандай ақпарат, құжат жинау керектігін мәлім етті. Атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларды Enbek.kz порталы арқылы алу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың белсенді шараларының түрлері мен оларға кімдер қатыса алатыны айтылды. Айта кетейік, аталмыш Мансап орталығы ауданда тұрғындарды еңбекпен қамтуға қолғабыс етеді.
Г.МАҒЖАН.