Жамбыл ауылының тұрғындары көптен күткен үлкен қуанышқа кенелді. Елді мекенде ұялы байланыс және интернет желісі толығымен іске қосылды.
Мұндай ауқымды жұмыс облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасына сәйкес, жүргізілген. Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқановтың айтуынша, 2023 жылы аймақ басшысы алдында ауыл тұрғындары ұялы байланыс пен интернет желісінің нашар жұмыс істейтінін айтып, осы мәселеге назар аударуды сұраған.
— Тұрғындар көтерген мәселе бойынша ауылға байланыс мұнарасы орнатылды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауылында ұялы байланыс пен интернет желісі толығымен қосылды. Бұл жұмыстарды «КарТел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді, — дейді Руслан Мұқанов.
Ауылдағы игі іске жергілікті тұрғындар дән риза екенін атап өту керек.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.