Успен ауданындағы Қызылғаш ауылында Егемен және Жігер көшелеріндегі жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл – аймақ басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен бонустық трансферт аясында жүзеге асқан жоба.
Бір жарым ай аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде жолдың сапасы әлдеқайда жақсарған. Аталмыш жаңа жол қолданыстағы материалдардан, яғни қайталама қалдықтардан шикізат өндіру арқылы жасалған өнімдерден асфальт төселген.
Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде Қызылағаш ауылының Егемен және Жігер көшелері арасында жаңа асфальт төселіп, жол белгілері жаңартылған.
С.ҒАББАС.