Жаңа жыл қарсаңында Баянауыл ауданына қарасты Шоманкөл ауылының тұрғындары үшін қуанышты оқиға орын алды. Атап айтқанда, елді мекенде су құбыры ресми түрде іске қосылды.
Аудандағы көптен бері шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселенің бірі Шоманкөл ауылының халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету еді. Бүгінде бұл мәселе оңынан шешіліп, ел тілегі орындалды.
– Біздің мақсатымыз – әр ауылдың дамуына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлес қосу. Шоманкөлдегі жаңа су құбыры — осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету әр отбасының денсау-лығы мен жайлы өмір сүруінің негізі болмақ, – деп атап өтті Ардақ Кісентаев.
Көптен бері таза ауызсуға қол жеткізуді армандаған ауылдықтардың қуанышында шек жоқ. Елді мекен тұрғындары жергілікті билікке алғыстарын білдірді.
Н.ШОДЫР.
Баянауыл ауданы.
