Биылғы жыл Баскөл ауылы үшін табысты болмақ. Себебі, елді мекенде көп жыл бойы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің бірқатары оң шешімін таппақ.

Мәселен, аталған ауылда келесі жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 жобаны іске асыру қарастырылып отыр. Олардың қатарына елді мекеннің мәдениет үйіне (құны 271,4 млн теңге) және А.Иманов атындағы лицей-мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары (506,9 млн теңге), дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу (472,8 млн теңге), көшелерге орташа жөндеу (245,3 млн теңге) және көше жарығын қайта жаңғырту (62 млн теңге) жұмыстары кіреді. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар дайын.

Айта кетейік, осы жылы Қаратерек ауылында да аталмыш бағдарлама аясында ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу, ауылдың кіреберіс жолы мен 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Жоба екіжылдық.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.