Ауылдың әлеуеті артады

Мам 2, 2025

Биылғы жыл Баскөл ауылы үшін табысты болмақ. Себебі, аталмыш елді мекенде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасының аясында бірнеше жоба іске асырылуда.

Атап айтқанда, ауыл ішіндегі бірнеше көшеге асфальт төселіп жатыр. Аталған жұмыстарды «Павлодар жолдары» мердігері атқаруда. Одан бөлек, облыс басшылығының қолдауымен Мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтуде. Құрылыс жұмыстары «Ер-Алаш» мердігер ұйымының қатысуымен жүргізілуде.

Жуырда аталмыш ауылға жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Қадылжан Сәтиев аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуі басты назарда екенін атап өтті.

Сондай-ақ, елді мекеннің А.Иманов атындағы лицей-мектебін күрделі жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және көше жарығын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделген.

А.БОРАНБАЕВА.

 

WhatsApp