Ауылды қолдау жалғаса береді

Қаз 2, 2025

Баянауыл ауданына қарасты Ұзынбұлақ және Қаратомар ауылдық округтерінде егін шаруашылығы саласы дамып келеді. Аудан әкімі Ардақ Кісентаев аталған елді мекен аумағындағы егіс алқаптарын аралап, жиын-терім жұмыс-тарымен танысты.

Ауданда шаруашылықты әртарап-тандыруға көңіл бөлініп, майлы дақылдар көлемін көбейтуге басымдық берілуде.

— Бұл тәжірибе бүгінгі күні Қаратомар ауылдық округіндегі «МТС Жайма» ЖШС-де іске асырылуда. Шаруашылық картоп, арпа, бидай, сұлы дақылдарын еккен. Ал «Болашақ Жайма» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 600 гектарға күнбағыс егіп, өнім жинау ісіне дайындық үстінде. Бұл бағыттағы жұмыстардың ұйымдастырылуын, техникамен қамтамасыз етілуін бақылап қайттым, — дейді Ардақ Кісентаев. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Баянауылға 2 комбайн, 23 трактор, 11 тиегіш техникасы сатып алынған. Бұл – ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстардың дәлелі. Аталған саланы жетілдіру әрдайым басты назарда болады, дейді аудан әкімі.

Н.АҚЫТЕГІ.