«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасының биыл да ауданның бірқатар елді мекеніне игілігі тиді. Бұл жобаның нәтижесінде Калиновка ауылына ажар кірді.
Аудан әкімі Азамат Маңғұтовтың мәлімдеуінше, аталмыш бағдарлама аясында Калиновканың мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге 476 млн теңге бөлінген. Медициналық пункттің жөндеуіне 78 млн теңге жұмсалған. Мәдениет үйі де жаңартылды. Мәдени ошақты күрделі жөндеуге 121 млн теңге бөлініпті. Одан бөлек, бұл ауылдың көшелері толық жарықтандырылды. Жарық шамдар орнатуға 46 млн теңге жұмсалған. Ауылішілік жолдар да тақтайдай. 213 млн теңгеге жолдарға орташа жөндеу жүргізілген. Мемлекеттік бағдарламадан бөлек, Калиновканың көркін келтіруге аудандық бюджеттен де қаражат қарастырылған. Атап өтер болсақ, 21 млн 800 мың теңгеге елді мекенде балалардың игілігіне шағын футбол алаңы орнатылды.
Бағдарлама қаражаты есебінен Береговое ауылында 374 млн теңгеге мәдениет үйінің ғимараты қайта қалпына келтірілді.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.