Жоламан ауылында су құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде сорғы станциясының аумағын абаттандыру, ауылішілік құдықтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс осы жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
Аудан әкімі Қаршыға Арынов жуырда Жоламан, Жаңаауыл және Қараоба ауылдарына жұмыс сапарымен барып, жоба-лардың іске асырылу барысымен танысты.
Жаңаауыл ауылында ұзындығы 1,2 шақырымдық кіреберіс жол жөнделуде. Жауапты мердігер — «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС.
Ал Қараоба ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құры-лысы жалғасуда. Қазіргі уақытта септикті орнату, баскетбол және жаттығуға арналған алаңдарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
А.БОРАНБАЕВА.