Ауыл арасында алаңсыз қатынайды

Қар 6, 2025

Ауылдықтар жол қатынасының қиналыссыз болғанын қалайды. Жетер жеріне алаңсыз апаратын асфальт төселгенін сұрайды. Халықпен кездесу кездерінде де осы мәселелерді жиі көтереді.

Билік қаражат жағдайына қарай әр жылы ауылдардың ішкі және елді мекенге жеткізетін жолдарды жөндеуге ден қоюда. Мұндай игілікті іс Железин мен Веселая роща елді мекендерін байланыстыратын аумақта да атқарылды. Нақтысы, бұл аралықтағы 15 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимовтің мәлімдеуінше, жол жөндеу жұмысы толық аяқталды.

Тас жол ды «АЗА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төсеген. Бір қуантарлығы, мердігер ұйым өз қаражаты есебінен 1,3 шақырым жолды жөндеп берген. Осы ретте, железиндіктер ауданның жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі әрі жүктелген жауапкершілікті жауапкершілікпен қысқа мерзімде атқарғаны үшін алғыс білдіруде.

Г.МАҒЖАН. Железин ауданы.