Шарбақтылық палуан қыз әлемдік чемпионаттан олжалы оралды. Ел намысын абыроймен қорғап келген жас спортшының жетістігіне жерлестері риза болып, жеңісімен құттықтауда.

Жақында Ресей Федерациясының Казань қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті. Оған Шарбақты ауданына қарасты Шегірен ауылының тұрғыны, жас палуан Әсел Манап қатысып,
76 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Ауылдық ару жетістігіне спорттағы жаттықтырушылары мен өңір тұрғындары алғыс айтып, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектес екендіктерін жарыса жеткізді.

Н.АҚЫТЕГІ.