Ауқымды жобалар түлетеді

Қаң 29, 2026

Биыл Ақтоғай ауданының Шолақсор және Жалаулы ауылдарында маңызды инфрақұрылымдық және ауыл шаруашылығы жобалары іске асады. Бұл екі жоба ауыл өмірін жеңілдетіп, жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға бағытталған.

Мәселен, Шолақсор елді мекенінің кіреберіс автожолына жаңа көпір салынады. Оның жалпы ұзындығы 319 метрді құрап, 43 метр өтпе бөлігінде екі жолақты ені 6 метрлік жол болады. Көпір құрылысының жалпы сметалық құны – 495 миллион теңге және ол демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылады. Жоба мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған. Сондықтан құрылыс жұмыстарын бастауға толық мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, Жалаулы ауылында облыстық бюджет есебінен жаңа ветеринарлық пункт пен мал қорымы салынбақ. Жоба іске асқаннан кейін жергілікті ветеринарлық қызметтердің тиімділігі артып, мал ауруларының алдын алу жүйесі нығаяды. Мал шаруа-
шылығымен айналысатындар үшін бұл — нақты пайда әкелетін маңызды
бастама.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы.