Балалар шығармашылығын дамытуға арналған республикалық деңгейдегі «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер байқауы өз мәресіне жетіп, үздік өнерпаздар анықталды. Солардың бірі – Ақтоғай балалар өнер мектебінің дарынды тәрбиеленушісі Айлана Сәкенова.
Айлана «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» аталымында 1-орынды иеленіп, ауданның атын республикалық деңгейде тағы бір мәрте асқақтатты. Бұл жетістік —
тек таланттың емес, еңбекқорлық пен табандылықтың жемісі. Жуырда оған заманауи смартфон табысталды.
Балаларды бағалау кезінде қазылар алқасы олардың техникасына, композициялық шешімдеріне, идея-ларының жаңашылдығына және жалпы шығармашылық қабілетіне аса мән берді. Айлана барлық критерий бойынша жоғары баға алып, ісіне деген жауапкершілігі мен шеберлігін көрсете білді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.
Ақтоғай ауданы.
