Ақтоғай ауданының орталығындағы Сәтбаев және Жеңіс көшелерінің қиылысындағы бұрынғы дәріхананың екі қабатты ғимараты ұзақ жыл бойы бос тұрды. Дегенмен, алдағы уақытта ол нысан күрделі жөндеуден өтіп, балабақшаға айналмақ.

Бірнеше жыл бұрын жеке меншіктегі ғимаратты аудан экономикасының нақты сектор бөлімі балансқа сатып алған. Жергілікті билік ауданның мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын шешу үшін оны заманауи балабақшаға айналдыруға шешім қабылдады.

Өткен жылы облыс әкімі Асайын Байхановтың Ақтоғай ауданына сапары барысында тұрғындар жобаны қаржы-ландыруға өтініш білдірген болатын. Биыл аймақ басшысы жобаны қолдап, қажетті қаражатты бөлді.

Жақында тендерді жеңіп алған «Эндеавор ПВ» ЖШС құрылыс компаниясы ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Олар жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, жаңа балабақша 20 баладан 4 топ құрайтын мектеп жасына дейінгі 80 баланы қабылдайды. Сондай-ақ балабақша топтары болатынын атап өткен жөн.

 

Б.АРҚАТҰЛЫ.