Әулиеағаш ауылының балақайларының енді асыр салып, ойнайтын алаңы бар. Жуырда аталмыш елді мекенге аудандық бюджет есебінен заманауи балалар алаңы орнатылды.
Мердігер «QazTehStabPV» ЖШС Алматыда жасалған ойын алаңының жабдықтарын құрастырып, орнатып берген. Астына жасанды жабынды төселіп, айналасы қоршалған. Әулиеағаш ауылдық округінің әкімі Оксана Жаркинаның айтуынша, бұрын-соңды бұл ауылда мұндай алаң болмаған. Түрлі түсті әткеншектер мен сырғанақ, өрмелеп шығуға арналған арқанды жолдар балаларды баурап алған.
— Төрт балам бар. 3-10 жас аралығында. Бүгінде көп уақыттарын осы алаңда өткізуде. Балаларым үшін таңсық, қызық. Қауіпсіздік жағы да қарастырылған. Ауылымыздағы бұл өзгеріске өте қуаныштымыз, — дейді көпбалалы ана Наталья Блохина.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.