Ақтоғай ауылына қарасты Жоламан елді мекеніндегі балаларға арналған демалыс орталығы күрделі жөндеуден өтуде. Қолданысқа осы жылдың шілде айының басында берілмек. Қазірде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 

Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов Жоламан елді мекеніндегі «Ақтоғай» балалар  сауықтыру лагерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыс-тарының барысымен танысты. Кездесу барысында аудан әкімі тапсырыс берушіге жұмыс процесін тұрақты бақылауға алуға және оны белгіленген мерзімде аяқтауға тиісті тапсырмаларды берді.

Жазғы лагерьдің бірінші маусымының ашылуы осы жылдың 1 шілдесіне жоспарланған.

Айта кетейік, «Ақтоғай» лагері бір уақытта 75 баланы қабылдай алады.

 

А.БОРАНБАЕВА.