Ауданда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда.

Жуырда өрт сөндірушілер, азаматтық қорғау қызметінің мамандары бөлім аумағын қоқыстан тазартты. Бұл ретте олар жерге түскен ағаш жапырақтарын жинап, тал екті.

— Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тазалық шарасына отбасыларымен қатысты. Балаларымен бірге ағаштарға су құйып, көшет отырғызды. Қызметкерлер мұндай әрекеттері арқылы ұл-қызын табиғатты аялауға шақырып, тазалықты сақтау керектігін көрсетті. Шара аясында бөлім аумағы қоқыстан тазарды, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медияр Әдепов.

Атап өтерлігі, төтеншеліктер «Таза Қазақстан» акциясына әр сенбі сайын қатысуды жоспарлап отыр.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.