Ауданда «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы жүргізілуде. 25 тамызда басталған маңызды шара 10 қыркүйекте аяқталады.
Аудандық полиция бөлімі жаңа оқу жылы басталған сәтте жолда көлік қозғалысы көбейіп, ереже сақтамаудың салдарынан жол-көлік оқиғалары да жиілей түсетінін айтады. Бұл ретте мектепке баратын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы орайда, тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында профилактикалық шаралар ұйымдастырып, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар, білім беру мекемелері жанындағы жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар жаңартылып, жол белгілері орнатылды.
Полицейлер ата-аналардан балаларына жол ережесін қатаң сақтауды үйретуді сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерден жылдамдықты шамадан тыс асырмай, рөлде мұқият болуды ескертеді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.