Аудандағы мектеп оқушылары жазғы лагерьде демалып жүр. Балалар демалыстарын қызықты өткізіп, түрлі  шараларға қатысуда.

Өткен аптада оқушылар ойын-сауық кешіне қатысты. Олар заманауи мультфильм кейіпкерлерімен бірге көңіл көтерді. Би билеп, ән шырқады. Түрлі ойындарға қатысты. Сонымен қатар, балалар төтенше жағдайлар бөліміндегі өрт сөндіру техникаларымен танысып, кәсіби мамандармен тілдесті. Өрт сөндірушілерге сұрақтарын қойды. Мамандар оқушыларға қызмет барысындағы оқиғаларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін үйретті. Әсіресе, ата-ананың рұқсатынсыз сіріңке қолданбау, токпен ойнамау керектігін түсіндірді.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.