Аудан орталығы Көктөбе ауылында үй кезегінде тұрған азаматтардың бір тобына төрт пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспаналы болған отбасыларды аудан басшылығы құттықтап, үйлердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Осы жылы Май ауданына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында ақшалай қаражат бөлінген. Нәтижесінде төрт пәтерлі 6 жеке үй сатып алынды. Жаңа тұрғын үйлерден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға — 18 пәтер, көп балалы жанұяға — 1 және үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 пәтер берілді.
Жаңа қонысқа ие болған тұрғындар тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсынған барша азаматқа алғысын білдірді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.