Бағдарлама игілігі

Там 21, 2025

Биыл аудандағы Майқоңыр ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ілкімді істер қолға алынған. Талай жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп жаңа кейіпке еніп, ауылдағы 3 көшеге асфальт төселуде.

Майқоңыр ауылының әкімі Асылбек Құсайынов білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтады. Мектеп толығымен жаңа кейіпке енген. Мұнда 50-ден астам бала білім алады.

— Тамыз айында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Жергілікті «Нұрал» ЖШС елді мекендегі 3 көшеге асфальт төсеуде. Бүгінде жұмыстың 40 пайызы орындалды. Мердігер жоспарды уақытынан бұрын аяқтауды көздеп отыр. Жол жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 105 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын, — дейді ауыл әкімі.

Атап өтерлігі, ауылда жергілікті бюджет есебінен заманауи воркаут алаңы салынған. Ауыл тұрғындары елді мекендегі игі іске ризашылықтарын білдіруде.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.