Бүгінгі таңда аудан бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардың бойына бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жақында Заря ауылы бойымен өтетін автожолға бағдаршам орнатылды.

Аудан әкімі Николай Дычконың айтуынша, ауыл тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, бірнеше елді мекенде жаңа бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары жүргізілуде.

— Республикалық трассаның екінші жағындағы жаңа үйлерде тұратын Заря ауылының тұрғындары жолдан қауіпсіз өту үшін бағдаршамның қажеттілігі туралы облыс әкіміне жүгінген болатын. Бағдаршамның болмауы, ең алдымен, жергілікті мектепте оқитын және күн сайын автотрассадан өтетін балаларға қауіп төндірді. Бүгінде облыс әкімі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен мәселе оң шешіліп, жолдың осы учаскесінде қозғалысты реттейтін бағдаршам құрылды, — деді аудан әкімі.

 

А.МҰҚЫШЕВ.