Білікті мамандармен толығуда

Мам 29, 2025
Opieka koordynowana to możliwość dokształcania się lekarzy

Ауданда медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы ауданға хирург, акушер-гинеколог, педиатр және жалпы тәжірибе дәрігері келді. Ал осы жылы анестезиолог және жалпы тәжірибе дәрігері жұмысқа кірісті. Оған қоса, атқарушы онколог тартылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқар-масының басшысы Иран Шаметеков Ақтоғай аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барып, амбулаторлық-емханалық қызметтің жұмысымен танысты. Сапар барысында ғимаратты аралап, ем алушылармен және медицина қызметкерлерімен тілдесті.

Аурухана басшысы ғимаратты күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлу туралы өтініш білдірген. Медициналық мекемедегі соңғы жөндеу осыдан 12 жыл бұрын жүргізілген. Бүгінде мәселе бақылауға алынды.

– Материалдық-техникалық база нығайтылуда. Жылдың соңына дейін аудандық ауруханаға жеті медициналық жабдық, оның ішінде бейнеэндоскопиялық және ашық реанимациялық кешен сатып алу жоспарлануда. Аудан орталығына ғана емес, шалғай ауылдардағы медициналық ұйымдарға да көңіл бөлінеді. Биыл Жолболды ауылында облыстық бюджет қаражаты есебінен медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау осы жылдың маусым айының соңына жоспарланған, – деді Иран Шаметеков.

Өз тілшіміз.